Түркістан облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясының кезекті апталығына бір кісідей атсалысып, 545 тонна қоқыс қалдығын шығарды. Қураған ағаштар қырқылып, саябақтар мен жол бойы, тұрғын үйлердің төңірегі тазартылды. 13 мыңнан аса адам қатысқан тазалық жұмыстарына аудан, қалалармен қатар ауыл тұрғындары да қатысты. Айта кетейік, өңірде наурыз айынан бері жалпы 300-ден астам ауқымды тазалық іс-шарасы өтті. Тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болған экологиялық шара аясында жеке үйлердің сыртын ретке келтіруге де мән берілуде.
Айша Айымбетова, Темірлан ауылының тұрғыны:
«Таза Қазақстан» акциясына кітапханашылар біз де үлесімізді қосып жатырмыз. Және де көктем басталғалы бері әр сенбі сайын ауламыз таза болсын, еліміз, жеріміз таза болсын деп әр апта сайын осы сенбілікке шығып жатырмыз.
Айнұр Ақбаева