Суданда толассыз жауыннан дамба құлап, 20 ауылды су шайып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданда толассыз жауыннан дамба құлап, 20 ауылды су шайып кеткен

27.08.2024

Суданда толассыз жауыннан дамба құлап, 20 ауылды су шайып кеткен. Соңғы мәліметке қарағанда 30 адам қаза тауып, 200-ге жуығы іздестіріліп жатыр. Жалпы алғанда алапат тасқын 50 мыңдай үйге жеткен.

Табиғи апаттан әсіресе Порт Судан қаласы қатты зардап шекті. Онда мемлекеттік мекемелер, дипломаттар, гуманитарлық ұйымдар және соғыстан қашқан жүздеген мың адам шоғырланған. Бұл мемлекетте былтыр сәуірде үкімет армиясы мен қарулы ұйым арасында соғыс басталды. Содан бері талай жол мен көпір қираған еді. Соның кесірінен табиғи апат болған аудандарға көмек жеткізуде қиындықтар туып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу