Германияның батысында үш адамды пышақтап өлтірген ер адам іздестіріліп жатыр. Жергілікті полиция оның ізіне түскенін хабарлады. Соңғы мәліметке қарағанда, шабуылдан жараланғандар саны сегізге жеткен. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бесеуінің жағдайы ауыр.
Қанды оқиға елдің батысындағы Золинген қаласында болған. Күдікті қаланың 650-жылдығы мерекеленіп жатқанда көшеде жүрген тұрғындарға пышақ сұққан. Оның мұндай қылмысқа неліктен барғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.