Алматылық оқушылар АҚШ-тан жүлдемен оралды. Лос-Анджелесте роботехникадан халықаралық чемпионат өтті. Оған түрлі мемлекеттерден, 7 және 11 сынып аралығындағы 200-ден астам оқушы қатысқан. Жарыста АҚШ, Румыния, Қытай мемлекеттерінен келген үміткерлер арасынан Қазақстандық екі команда үздік нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздар сайыстың екі күнінде де көшбасшылар қатарында болды. Олар командалық додада 3-ші орынды иеленсе, роботқа автономды бағдарлама жазып жекелей сайыста да жеңіске жетті.
Айта кетейік, халықаралық жарыстан жүлдемен оралған оқушылар әлемдік жоғары оқу орындарындағы университеттерде грантқа түсуге мүмкіндік алады
Айдана Қуантхан