ІІМ: Жыл басынан бері жол апатынан 165 бала қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІМ: Жыл басынан бері жол апатынан 165 бала қайтыс болған

24.08.2024

Жыл басынан бері елімізде балалардың қатысуымен 3 жарым мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан кәмелетке толмаған 165 бала қаза тауып, 4 мыңнан астамы жарақат алған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр. Сондықтан ведомство өкілдері кәмелетке толмаған азаматтар мен көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамдарға автомобиль тізгіндеуге болмайтынын қатаң ескертеді.

Бұдан бөлек жылдамдықты арттыру, алкогольдік ішімдік ішкен күде көлік жүргізу, рөлде отырғанда ұялы телефон қолдану жол апатына әкелетін басты себеп екенін айтады.


Хабарламаларға жазылу