Елімізде жол апаты мен суицидтен қайтыс болатын жастардың саны артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жол апаты мен суицидтен қайтыс болатын жастардың саны артуда

23.09.2014
Елімізде жол апаты мен суицидтен қайтыс болатын жастардың саны артуда

Жол апаты мен суицид кеселі еліміздегі адам өлімінің негізгі 10 себебінің қатарына кірді. Әсіресе, кәмелетке толмаған балалар жиі зардап шегуде.

Мәселен, жыл басынан бері 17-ге толмаған 3 мыңға жуық бала жол-көлік апатынан зардап шегіп, 142-сі қайтыс болған. Оқыс оқиғаға көп жағдайда жүргізушінің жауапсыздығы себеп.

Сондай-ақ, әлемдегі суицид көрсеткіші ең жоғары 20 елдің арасында Қазақстан оныншы орында тұр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, еліміздегі әрбір 100 адамның 15-і өз өмірін өзі қиюға әрекеттенеді.

Өмірден баз кешкендердің арасында 15-19 жас аралығындағы өрімдей қыз-жігіттер жиі кездеседі. Бүгінге дейін кәмелетке толмаған 31 мың жас өзіне-өзі қол салған.

Дабыл қағарлық бұл мәліметті бүгін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары жеткізді. Парламент Мәжілісінің қабырғасында өткен жиында мамандар аталған дертпен күресудің жолдарын талқылады

Жанар Бұқанова, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

Жол көлік апаты мен суицидтен келетін қауіпті саралаған кезде халықаралық тәжірибеге сүйену қажет. Еліміздегі жол көлік қозғалысын және азаматтардың қоғамдық көліктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңнамаларды әлі де жетілдіру керек.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу