Жетісу облысында қыз-келіншектер үшін «Томирис» дәріс-кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында қыз-келіншектер үшін «Томирис» дәріс-кеңесі өтті

22.08.2024

Жетісу облысында қыз-келіншектердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Томирис» атты үш күндік дәріс-кеңес өтті. Аудан, қала және әр түрлі саладан келген 50 нәзік жанға білікті мамандар түрлі бағыт бойынша дәріс оқыды. Атап айтқанда, шешендік өнер, кәсіпкерліктің қыр-сыры, психологтардың кеңестері мен саяси сауаттылық курстары. Қыз-келіншектер мен өңірде танымал іскер әйелдер, депутаттар тәжірбиесімен бөлісіп, бағыт-бағдар берді.

Сымбат Саттарқызы, радиожүргізуші:

Топтың ортасында сөйлеу, еркін сөйлеу, одан кейін көшбасшы деп тұр ғой. Қыз-келіншектердің әрбірінің көшбасшылық қасиеті бар екені байқалды. Өйткені әрбірімізді жеке ортаға әкеліп сөйлетіп, әрбіріміздің жеке қасиеттерімізбен жұмыс істеді. Барлығы тегін болып жатыр.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу