Елордада әйелдердің саяси сауаттылығын арттыруға арналған тренинг өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада әйелдердің саяси сауаттылығын арттыруға арналған тренинг өтті

05.11.2022

Елордада қыз-келіншектердің саяси сауаттылығын арттыруға арналған тренинг өтті. Томирис бағдарламасы нәзік жандылардың басқарушылық әлеуетін дамытуға, шешім қабылдау процестеріне және елдің саяси өміріне белсенді араласуына бағытталған. Жаттықтырушы ретінде Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы төрағасының гендерлік мәселелер жөніндегі арнайы өкілі қатысты. Бағдарлама барысында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген қыз-келіншектер көшбасшылық қасиеттерге, презентациялық дағдыларға, сайлау алдындағы бағдарламалар мен науқандарды дайындау бойынша оқытудан өтуге мүмкіндік алды.

Әлия Оспанова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі:

Осы шаралардың ең бірінші қадамы бұл «Томирис» саяси тренингтарды орналастыру саяси тренингтарды нығайту соның барысында біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен 25 ең саяси бағытта дамитын әйелдерді жинап Астанада бес күнге отырғызып және әлемнің ең жақсы саясаткер әйелдерді қостырып осындай тренингті ұйымдастырдық.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу