Босния және Герцеговинада мектептегі атыстан үш адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Босния және Герцеговинада мектептегі атыстан үш адам мерт болды

22.08.2024

Босния және Герцеговинадағы мектепте атыс болды. Одан үш адам қаза тапқан. Бірнеше адам жараланды.

Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Сански-Мост қаласында болған. Оқ атқан ер адам – осы мектептің қызметкері. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол мектеп жетекшілігімен жанжалдасып, директорға, хатшы мен басқа да қызметкерлерге мылтықтан оқ атқан. Кейін өзіне өзі қол жұмсаймын деп жараланып, ауруханаға түсті. Қазір жазғы демалыс, сондықтан атыс кезінде мектепте балалар болған жоқ.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу