Мәжіліс депутаттары ел аралап, халықпен кездесулерін жалғастыруда. Жетісу облысына барған депутат Аян Зейнуллин Көксу қант зауытында қант өсіруші шаруалармен жүздесті. Кәсіпорын тынысымен танысқан депутат шаруаларды толғандырып отырған мәселелерді түртіп алды. Биыл тәтті түбір шығымы жаман емес. Алайда көрші елдерден кіріп жатқан арзан қант жергілікті өндірушілерді шығынға батыруы мүмкін. Сондай-ақ 90 жылдық тарихы бар қант зауытының қондырғыларын жаңарту қажет. Бірақ шетелден әкелінетін құрал-жабдыққа инвестициялық субсидия бөлінбейді. Мәжіліс депутаты мәселені Үкімет деңгейінде көтеріп, талқылайтынын айтты.
Аян Зейнуллин, Мәжіліс депутаты:
ЕАС-тамыз ғой. Таможенный союздамыз Ресей Федерациясымен. Мысалы олар да қант кіргізіп жатыр Қазақстанға. Олардың бағалары төмен дейді. Енді қазір биылғы урожайға қарап, ондай мәселені шығару керек. Мүмкін біраз шектеу қоюға мүмкін Ресейден қант келе жатқанда.
Қуаныш Қанатұлы