Мәжіліс депутаты Қарағанды облысындағы ауылдардың жағдайымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты Қарағанды облысындағы ауылдардың жағдайымен танысты

05.07.2023

Қарағанды облысындағы Жанбөбек ауылының тұрғындары өркениет игілігіне қол жеткізе алмай келеді. Шұрық тесік жол жылдар бойы тұрғындардың жүйкесін тоздырған. Шалғайдағы елдімекенге барған Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден жергілікті жұрттың мәселесін шешуге атсалысатынын айтты. Ауылда интернет жоқ. Жарық бағаналары да құлайын деп тұр. Жалғыз мектеп те тозған.

Депутат Құланөтпес ауылының да тұрғындарымен кездесті. Мұндағы халықты толғандырған басты мәселе – ауыз су. Тіршілік нәрін тарту үшін қазынадан қаржы бөлінген. Алайда, мердігердің жұмысы өнбей келеді. Мәжілісмен жергілікті атқарушы органдармен бірге, құрылыс барысын назарға алатынын айтты.


Шерхан Жамбыл

Хабарламаларға жазылу