Премьер-министр Жетісу облысына іссапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр Жетісу облысына іссапармен барды

20.08.2024

Жетісу облысына іссапармен барған Премьер-министр өңірде Президент тапсырмаларының орындалуын тексерді. Аграрлы аймақ 2026 жылға дейін құны 33 млрд теңгеден асатын 31 инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Биыл 13 жоба іске қосылды. Қант қызылшасының алқабын 15 мың гектарға жеткізу межесі тұр. Сондықтан жергілікті билікке тұқым қоры мен минералды тыңайтқыштардың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету тапсырылды.

Сапар барысында Олжас Бектенов облыс орталығындағы ірі кәсіпорындарды аралап, сүт зауыты мен аккумулятор зауытының тынысымен танысты. 1200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған өндіріс орны былтыр 2,7 млн дана аккумулятор шығарса, сүт зауыты тәулігіне 90 тоннаға дейін сүт өңдеп, 62 түрлі өнім шығарып келеді.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу