Сарапшы: АЭС оңтүстік өңірде салынса, әуелі халық ұтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: АЭС оңтүстік өңірде салынса, әуелі халық ұтады

17.08.2024

АЭС оңтүстік өңірде салынса, ең алдымен қарапайым халық ұтады. Ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері Данияр Жансейітовтің пікірі осындай. Сарапшының айтуынша, электр энергиясын тұтынатын ел тұрғындарының 60 пайызы оңтүстік өңірлерде шоғырланған. Қазір бұл аймақтарда электр энергиясының тапшылығы сезіледі. Әсіресе тоқты көп қолданатын таңғы және кешкі уақыттарда қуат қоры күрт азаяды. Сондықтан электр энергиясын көршілес елдерден сатып алуға мәжбүрміз. Бұл бағаға әсер етіп, тұтынушылардың қалтасына салмақ салады, - дейді Данияр Жансейітов.

Данияр Жансейітов, Ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері:
Оңтүстікте орналасқан АЭС-тен өндірілген электр қуатын қалалар мен ауылды мекендерге жеткізу тиімді. Себебі қуат көзін тұтынушыларға неғұрлым жақын орналасса, электр қуатын сымдарда жоғалту коэффициенті соғұрлым аз болады.


Хабарламаларға жазылу