Су басқан аймақтарда әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су басқан аймақтарда әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді

16.08.2024

Су басқан аймақтарда әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев Атыраудағы «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» филиалы өкілдерімен кездесті. Мамыр айында облыс аумағындағы Соколок каналындағы бөгетті тасқын бұзып, далаға жайылған су канал бойында орналасқан 40-тан астам шаруа қожалығын шайып кетті. Депутат бұл мәселелердің біртіндеп шешілетінін айтты. Атырау облысында тасқынның кесірінен 82 мал шаруашылығы, егін егетін 102 қожалық зардап шекті.

Анас Баққожаев, Мәжіліс депутаты:

Әкімдік арқылы бола ма, демеушілік арқылы ма, болмаса, Ауыл шаруашылығы министрілігі тарапынан бола ма, арнайы бір бағдарламаны дайындап, осы азаматтарды 3 жыл әрі кеткенде 5 жылдың ішінде оңалтудың амалын қарастырамыз. Сондықтан мен Мәжіліс депутаты ретінде күзде біздің жаңа сессия басталған кезде осы тақырыпты мұқият бақылаймын.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу