Астанада жас ұстаздар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас ұстаздар форумы өтті

15.08.2024

Астанада жас ұстаздар форумы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінде қызмет ететін 300-ден астам педагог қатысты. Осымен үшінші рет өткен «Жас ұстаз» форумында қазіргі кәсіби бағдар талқыланды. Онда «Оқу процесіне жасанды интеллект енгізу», «Әр сабақты қалай ерекше өткізу», «Өз болмысыңды қалай жақсарту керек», «Ауыл мектебін дамытудағы mainstream» шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Толқын Айдосова, Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары:

Биылғы жылдың ерекшілігі - ауыл мектептерінің педагогтері және де аты айтып тұрғандай 5 жылға дейін еңбек өтілі бар жас ұстаздар қатысады. Форумның аясында негізгі біздің ұйымдастырушылардың мақсаты – жас мамандарға өзінің таңдап алған мамандығына, яғни ұстаздық мамандығына деген сенімін арттыру, біліктілігін арттыру.

Алина Меліс

Хабарламаларға жазылу