Астанада жас мамандар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас мамандар форумы өтті

20.04.2015
Астанада жас мамандар форумы өтті

Астанада «Білімді жастар - мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандардың форумы өтті. Оған 400-ден астам «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен талантты жастар қатысты.

Ауқымды шарада бес адамға Президенттік стипендияның сертификаты табысталды.

Ал, халықаралық олимпиада жеңімпаздарына естелік сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ, басқосуда «Болашақ бизнес» пікірталасы ұйымдастырылды. Оған белгілі отандық бизнесмендер қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

 

Хабарламаларға жазылу