Қарағанды облысында «Алтай Полиметалы» компаниясына 313 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында «Алтай Полиметалы» компаниясына 313 млн теңге айыппұл салынды

14.08.2024

Қарағанды облысының ірі кәсіпорындарының біріне 313 млн теңге айыппұл салынды. Облыстық экология департаменті өкілдерінің айтуынша, Қарқаралы ауданы тұрғындарынан түскен шағымнан кейін Прокуратура компанияға жоспарсыз тексеріс ашқан. Оның негізінде қоршаған ортаға зиян келтіріп, экология талаптарын өрескел бұзу фактісі анықталды. Қазіргі таңда департамент «Алтай Полиметалы» серіктестігінің жұмысын тоқтату бойынша сотқа арыз-шағым түсірген.

Дархан Исжанов, Қарағанды облыстық экология департаментінің басшысы:

Тексеріс барасында рұқсатсыз кәріз суларын жерге төгуі анықталды. Осы заң бұзушылық аясында «Алтай Полиметалға» 300 млн-нан артық айыппұл салынды. Сонымен қатар ісін тоқтату туралы сотқа шағым түсірілді.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу