Паралимпиада-2024: Ұлттық құрама қоржынында 33 жолдама бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада-2024: Ұлттық құрама қоржынында 33 жолдама бар

13.08.2024

Париж Олимпиадасы аяқталды. Енді Паралимпиада ойындары басталады. Ерекше жандар арасында өтетін додаға 9 спорт түрінен Қазақстан тарапынан 33 лицензия бар.  XVII жазғы Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Жарысқа әлемнің 184 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Естеріңізге сала кетейік, Токио-2020 Паралимпиадасына Қазақстан Ұлттық құрамасының 25 спортшысы қатысып, 5 медаль жеңіп алды. Оның 1-і алтын, 3-і күміс, 1 қола медаль. Нәтижесінде еліміз жалпы командалық есепте 48-ші орыннан көрінген еді.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу