Ел қоржынында Парижге 26 жолдама бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел қоржынында Парижге 26 жолдама бар

20.03.2024

Биыл Франция төрінде алауы жағылатын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы қазір 26 лицензия еншілеп отыр. Ел қоржынында әзірге спорттың 9 түрі бойынша жолдама бар.

Атап айтар болсақ, бокстан – 7, нысана көздеуден – 5, садақ атудан – 4, тасжолдағы велоспорттан – 3, заманауи бессайыстан – 2, таеквандодан да 2, грек-рим күресі, еркін күрес және спорттық гимнастикадан бір-бір лицензия.

Ал Паралимпиада ойындарында өнер көрсететін пара атлеттеріміз бүгінде 11 жолдамаға қол жеткізген. Олардың ішінде жекелей сындар бойынша пара пауэрлифтинг, пара каноэ, пара жеңіл атлетика, пара нысана көздеуден бір-біреуден, ал пара таеквондо мен пара жүзуден үш-үштен лицензия қалтада. Париждегі дүбірлі додада сондай-ақ отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамамыз да өнер көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу