Премьер-министр елде өндірілетін тауарларды сырттан әкелуге тыйым салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-министр елде өндірілетін тауарларды сырттан әкелуге тыйым салмақ

13.08.2024

Мемлекеттік сатып алу арқылы импорттық тауарларды жеткізуге тыйым салынады. Қазақстанда өндірілмейтін заттарды ғана шетелден тасуға рұқсат етілмек. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді. Бүгінде импортты қысқарту бойынша бірқатар сала оң нәтиже көрсетіп отыр. Мәселен өңдеу өнеркәсібінде әкелінетін өнім көрсеткіші 7% төмендесе, өндіріс көлемі 4% артты. Машина жасауда, металл бұйымдарын, қағаз өнімдерін өндіруде сыртқы жеткізілімдерге тәуелділік төмендеді. Енді отандық өндірушілерге қолдау көрсету үшін үкімет деңгейінде жаңа ережелер қабылданбақ.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Жұмыстар мен қызметтердің конкурсын жеңіп алған мердігер компаниялар Қазақстандық өнімдер бола тұра имппорттық тауарларды сатып алуды жалғастырып келеді. Мұны доғару керек. Өнеркәсіп министрлігіне мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, отандық шикізат пен материалдарды пайдалану бойынша ірі мердігер компаниялардың міндеттемелеріне мониторинг жүргізудің пәрменді тетігін әзірлеуді тапсырамын.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу