Екібастұзда көмір кенішінің жұмысшылары мінген автобус аударылып қалды. Көлікте 24 адам болған. Жарақат алғандарға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған.
Эльмира Кәленова