Дана Абай, дара Абай есімі бүгін ерке Есілдің жағасында да ұлықталып жатыр. Домбыра Party ұйымдастырылып, ғұламаның өлеңдері мен қара сөздері оқылып, әндері шырқалуда.
Самал Қабышева, тілші:
Ақынын ардақтаған астаналық ағайын Есіл жағасына жиналды. Рухани кеште өнерпаздар мен қаламгерлерге қосылып, тұрғындар да ән салып, өлеңдерін жатқа оқыды. Бай мұрасымен, философиялық мәні зор Абай Құнанбайұлының шығармалары қанша уақыт өтсе де, өзінің құндылығын ешқашан жоғалтпақ емес. Себебі Абай – қазақ үшін дара тұлға. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды лирикалық әндерін қала қонақтары мен тұрғындары жарыса бірге орындады.
Ұлы Абай күні ақынның ұлылығын асқақтатып қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға да негіз бола бастады. Рухани кеш әлі де жалғасып жатыр.
Самал Қабышева