Орал қаласының «Көкжиек» шағын ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 103 үй салынуда. Небәрі 2 айда баспаналардың қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылды, есік-терезесі салынды. Жұмысшылар қазір ішкі әрлеу жұмыстарына кіріскен. Сонымен бірге аулалар абаттандырылып, айналасы қоршалып жатыр. Құрылысқа жауапты 5 мердігер үйлерді қыркүйек айында тапсыруды көздеп отыр.
Нұрлан Ақнұров, құрылыс компаниясының өкілі:
Тасқын салдары қарапайым халыққа қиын болды. Қазіргі заманда баспанасыз қалған өте ауыр жағдай. Осыған орай «Алтын орда» иелері өз қаражатына 15 үй салып беруге мақсат етті. Проблема материалмен жоқ, жұмысшылар жеткілікті. Технадзорымыз бар.
Ардақ Мұратқызы