Қазір Астанада ең ыстық жаз мезгілінің бірі өтіп жатыр. Себебі «Қазгидрометтің» мәліметінше мұндай ыстық жаз соңғы он жылда болмаған. Температураның 25 градустан жоғары болған күндердің саны 70-ке жеткен. Кей күндері ауа райы 38 градустан асқан. Мамандардың айтуынша, кейінгі кезде қалалық жерде ыстық күшейген. Себебі ғимараттар күндіз күннің астында қызып, кешкілік ыстық леп сақталатын болған.
Азамат Бейбітұлы