СҚО-да 85 жылда болмаған ыстық ауа райы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да 85 жылда болмаған ыстық ауа райы тіркелді

05.06.2023

Солтүстік Қазақстан облысында термометр бағаны + 39 градусқа дейін көтерілді. Мамандардың айтуынша соңғы 85 жылда маусым айының басында мұндай ыстық ауа райы тіркелмеген. Ал топырақтың температурасы 65 градусқа дейін жетіп отыр. Аптап ыстыққа байланысты өңірде өрт оқиғалары жиіледі. Соңғы 3 күнде 70 рет от тұтанған. Төтенше жағдай қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Синоптиктердің болжауынша маусымның 8-не дейін осындай ауа райы сақталуы мүмкін.

Наталия Левина, «Қазгидромет» АҚ СҚО филиалы директорының орынбасары:

Үш күннен бері ауа температурасының рекорды жаңаланып отыр. Топырақ – күн радиациясын көбірек қабылдайды. Сол себепті қызады. Апта соңында жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондықтан ыстық ауа райы ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтірмейді деп ойлаймын.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу