Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатының таулы ауданында лай көшкінінен 50-ден аса адам қаза тапты. Тағы 70-і жараланған. Құтқару операцияларына құлаған көпір кедергі келтіріп отыр. Куәгерлердің айтуынша, таудан төгілген батпақ талай үйді басып, ағаштарды құлатқан. Ондаған адам опат болды.
Айта кетсек, бұл штатта жауын жиі болады. Соның салдарынан мұнда 2018 жылы алапат тасқын жүріп, 400-ге жуық адам жан тәсілім еткен еді.