Қызылордалық тұрғын қаржы пирамидасын құрғаны үшін 5 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық тұрғын қаржы пирамидасын құрғаны үшін 5 жылға сотталды

30.07.2024

Қызылорда облысында қаржы пирамидасын құрып, тұрғындарды алдап-арбап келген 32 жастағы азаматқа сот үкімі шықты. Ол «Chia-Tai» атты шетелдік ұйымының өкілі ретінде әрекет етіп келген. Қытайдың дәрі-дәрмек өндіретін фармацевтикалық компаниясына қаржы салып, құйған инвестицияны еселеп арттыруға болады деп 25 адамның сеніміне кіріп, 26 миллион теңгеге алдап соққан.

Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ықпалымен күдікті ұсталып, заңсыз әрекеті әшкереленді. Қылмыстық іс бойынша кінәсі дәлелденіп, сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


Хабарламаларға жазылу