Англияның солтүстігіндегі Саунтпорт қаласында балаларға арналған би мектебіне шабуыл жасалды. Жергілікті полицияның мәліметінше, екі бала қайтыс болып, тоғызы ауыр жараланған.
Қанды қылмысты жасаған 17-жастағы жасөспірім тұтқындалды. Ол көршілес Бэнкс қаласының тұрғыны. Қантөгістің нақты себебі белгісіз. Дегенмен, британ полициясы оқиғаны теракт деп қарастырып отырған жоқ. Болжамдарға қарағанда, шабуылшы жалғыз әрекет еткен.