Геннадий Головкин жас боксшыларға тосын сый жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин жас боксшыларға тосын сый жасады

04.02.2016
Геннадий Головкин жас боксшыларға тосын сый жасады
Әйгілі боксшы секция қатысушыларына былғары қолғап, тағы да басқа спортқа қажетті заттарды сыйға тартқан.

Кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы Геннадий Головкин Қарағанды қаласының Майқұдық аумағындағы жас боксшылар мектебіне тосын сый жасады. Әйгілі боксшы секция қатысушыларына былғары қолғап, тағы да басқа спортқа қажетті заттарды сыйға тартқан.

Головкиннің бокс мектебіне келетінін ешкім білмеген. Былғары қолғап шеберінің балаларға тартуын қала тұрғыны Ботабек Тілегенов өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу