Оңалту орталығындағы балалар үшін асты моншада дайындап келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңалту орталығындағы балалар үшін асты моншада дайындап келген

29.07.2024

Талдықорғанда оңалту орталығындағы балаларға берілетін ас- моншаның ауласында дайындалған. Әлеуметтік желіде пайда болған бейнежазба көпшіліктің наразылығын тудырды. Сатып алу порталынан байқауды жеңіп шыққан мердігер келісімшартта «тамақ қаладағы кафелердің бірінде дайындалады» деп көрсеткен. Алайда шын мәнінде ас мәзірі санитарлық талаптарға сай келмейтін жерде әзірленіп тоңалту орталығына жеткізіліп отырған. Дау шыққаннан кейін орталық әкімшілігі жеке кәсіпкердің үстінен шағым түсіріп, құзырлы органдарға арызданған. Қазір тексеру жүріп жатыр. Айта кету керек емдеу мекемесі туберкулезге шалдыққан балаларды оңалту, қалыпты ортаға бейімдеу мақсатында ашылған. Өңірге жұмыс сапарымен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева барды. Ол балалар орталығының жай-күйін аралап көрмек.

Жанат Әкібаев, Оңалту орталығының директоры:

2023 жылдан бастап асханамыз ауссорсингқа беріледі. Сатып алу порталы бойынша ұтып алған мердігер анықталып сол бойынша жұмыс жасаймыз. Бұлар келісімшарт бойынша жаңа жылда Талдықорған қаласындағы Нават кафеде дайындалады деп айтқан. Біз оны күнделікті барып тексеруге құқымыз жоқ, келген тауарды қабылдап алуға құқылымыз.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу