Баспана қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспана қымбаттайды

26.07.2024

Баспана арзандамайды, керісінше баға біртіндеп өсе береді. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы осындай болжам айтты. Бақытжан Жүнісбеков бұған ең алдымен инфляция әсер етеді деп отыр. Оның үстіне жыл басынан бері тұрғын үйдің шаршы метрі біршама қымбаттаған. Құрылыс материалдарының құны 2-3 пайызға өскен. Баспананың сәл арзандағанын сұраныстың азайғанымен байланыстырды. Алайда бұл үй бағасы тағы да төмендейді дегенді білдірмейді, - дейді министрлік өкілі.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу