Эфиопияда лай көшкіні құрбандарының саны екі есеге көбейіп, 500-ге жетті. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының жергілікті Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі хабарлады. Бұл мемлекеттің оңтүстігіндегі Гофа елдімекенінде жексенбі-дүйсенбі күндері жауын құйып, таудан көшкен лай жүздеген үйді басып қалған. Содан бері батпақтың астынан адамдардың мәйіті табылып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, әлі 20 тұрғынның денесі іздестіріліп жатыр.