Теннисшілер мен дзюдошылардың қарсыластары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннисшілер мен дзюдошылардың қарсыластары анықталды

25.07.2024

Ертең Париж Олимпиадасы басталады. Бүгін теннисшілер және дзюдошылар арасында жеребе тартылды. Тиісінше отандасымыз Елена Рыбакина мен Александр Бублик, сондай-ақ Елдос Сметовтердің қарсыластары белгілі болды. Олар Румыния, АҚШ және Нидерланд спортшыларымен сынға түседі. 

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Әлемде ең көп эйс жасаған отандасымыз Елена Рыбакина Румыния елінің өкілі Жаклин Кристианмен ойнайтын болды. Егер Рыбакина бірінші ойында жеңіске жететін болса жапондық Наоми Осака мен неміс ракеткасы Анжелика Кербер жұбының жеңімпазымен кездеседі. Айта кету керек, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиададағы теннис турнирінің басты жұлдыздарының қатарына енді. Александр Бубликтің де қарсыласы анықталды. Ол АҚШ теннисшісі Тайлор Фрицпен бақ таласады. Ол да бірінші турдан өтсе жапон спортшысы Кей Нишикоримен кездеседі.
Жартылай финалға шығып жатса германиялық Александр Зверевпен кездеседі.


Сондай-ақ, Ұлттық құраманың жұлдызы Елдос Сметовтің де кіммен күресетіні белгілі болды. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері алғашқы турда Нидерланд балуанымен белдеседі. Одан өтсе өзбек немесе украин өкілімен бақ таласады. Ширек және жартылай финалға жетіп жатса Тайпей өкілі Янг Юн Веймен, ал жартылай финалда Нагаяма мен Гарригоспен күреседі. Ал Әбиба Әбужақынова қиындау топқа түсті. Оның алғашқы қарсыласы тәжірибелі Израиль қызы Шира Ришори. Одан өтсе Тайпей және Колумбия спортшылар жұбының жеңімпазымен күреседі. Айта кету керек Тайпей дзюдошысы Әбиба үшін өте ыңғайсыз қарсыласы. Жерлесіміз онымен осыған дейін екі рет кездесіп, екі рет есе жіберді. Ал бокстан жеребе тарту рәсімі Париж уақытымен кешкі алтыда басталады. Бұл Астана уақытымен сағат кешкі 21:00-де өтеді. Айта кету керек Париж бен Астана арасында сағат айырмашылығы шамамен 3 сағат болады. 

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу