Ширек финалға шыққан теннисшілер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ширек финалға шыққан теннисшілер анықталды

31.10.2014
Ширек финалға шыққан теннисшілер анықталды

Әлемнің екінші ракеткасы Роджер Федерер жергілікті теннисші Лукас Пуйені жарыс жолынан шығарды.

Жүлде қоры 3 миллион 452 мың еуроны құрайтын сайыстың үшінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович жарыс қожайыны Гаэль Монфилспен күш сынасқан.

1 сағат 32 минутқа жалғасқан бәсеке 6:3, 7:6 есебімен серб теннисшісінің пайдасына шешілді.

Енді ширек финалда Джокович ұлыбританиялық Энди Марреймен кездеседі.

Ал, әлемнің екінші ракеткасы Роджер Федерер тағы бір жергілікті теннисші Лукас Пуйені жарыс жолынан шығарды. Есеп 6:4, 6:4.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу