Ферроқорытпа зауытының техникалық құжаттары тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ферроқорытпа зауытының техникалық құжаттары тексеріліп жатыр

25.07.2024

Арнайы комиссия Қарағанды ферроқорытпа зауытының техникалық құжаттарын тексеріп жатыр. Мамандар апат болған аумақты суретке түсірген. Оқиғаға қатысы бар қызметкерлерден жауап алынып жатыр.

Мұрат Қаракекілов, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

Бүгінгі күні комиссия жазатайым оқиға болған жерге тексеру жүргізді, оқиға болған жерді суретке түсірді, тергеу шеңберінде техникалық құжаттаманы сұратып, куәгерлер мен жауапты тұлғаларға сауалнама жүргізілуде. 

Ал зардап шеккен 2 жұмысшының жағдайы жақсарып келеді. Олар қазір палатаға ауыстырылған. Өзге екі жұмысшының жағдайы әлі де ауыр. Жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың денесін қатты күйік шалғанын айтады. Қазір Ресей мен Астанадан барған мамандар барын салып емдеп жатыр. Өкінішке қарай 4 жұмысшы қайтыс болғанын бұған дейін хабарладық. Олардың денесінің 80-90 пайызы күйіп қалған. Дәрігерлер қанша тырысқанымен аман алып қалу мүмкін болмады, - дейді. Ең жасы -  25-те.

Берік Төлеубаев, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасы травматологиялық орталығының басшысы:

Күйік алған науқастардың ішінен 2 науқас жалпы бөлімге ауыстырылды. Жалпы жағдайы жақсы. Көрсетілген ем-шараның арқасында шоктан шығарылды. 2 науқас әлі де жансақтау бөлімінде. Ем,-шараны жалғастырып жатырмыз. 

Апаттың себеп-салдарын анықтау барысын Үкімет басшысы өз бақылауына алды. Олжас Бектенов қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу