Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында былтыр 17 заңға қайшы әрекет анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында былтыр 17 заңға қайшы әрекет анықталған

24.07.2024

Өткен сенбіде алапат өрт шығып адам өмірін жалмаған Қарағандыдағы ферроқорытпа зауыты тәуекелдің жоғары дәрежесі бар кәсіпорын. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінші бұл зауытта соңғы 5 жылда ешқандай апат немесе оқыс оқиға тіркелмеген. Соңғы рет былтыр қарашада кәсіпорында профилактикалық бақылау жүргізілген. Сол кезде 17 заңға қайшы әрекет анықталды. Оның 7-еуі өрескел.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу