Сауд Арабиясында киберспорттан алғашқы Олимпиада өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында киберспорттан алғашқы Олимпиада өтеді

24.07.2024

2025 жылы Сауд Арабиясында киберспорттан алғаш рет олимпиада өтеді. Мұндай шешім Парижде өткен Халықаралық олимпида комитетінің 142-ші сессиясында қабылданды. Комитет мүшелері жарысты 2 жылда бір рет өткізуді ұсынды. Бірақ, бұған қатысты нақты шешім әлі шыққан жоқ.

Томас Бах, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті:

Халықаралық Олимпиада комитеті сессиясында Олимпиадалық киберспорт ойындарының құрылғанын растай отырып, біз цифрлық революция қарқынына ілесеміз. киберспорт қауымдастығы бұл бастамаға құлшыныспен қарайды. Халықаралық комитет пен Сауд Арабиясы осы олимпиада аясында 12 жыл серіктес болады.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу