Үкімет басшысы құрылыс барысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы құрылыс барысымен танысты

23.07.2024

Үкімет басшысы Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен ауылдардағы құрылыс барысымен танысты. Премьер-Министр Олжас Бектенов аймаққа жұмыс сапары аясында Ойыл ауданы Қаратал ауылындағы үйлердің құрылысына қосымша күш пен арнайы техника тартуды тапсырды. Бұған дейін құрылысшылардың жоспардан кешігуі туралы мәселе көтерілген еді. Қазір тұрғындар үшін 60 үй сатып алынып, 132-сі жаңадан салынып жатыр. Ал Темір ауданындағы Құмсай ауылында 21 үй жаңадан тұрғызылуда. Сондай-ақ Үкімет басшысы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тоқталды. Облыстағы 206 құрылымның 15-і қираған. Сонымен қатар өңірде көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Гүлзада Жұмабекқызы, Құмсай ауылының тұрғыны:

Көңілім толып жатыр. Иә, реніш алдында болды. Кішкене жайлатыңқырап қалды. Себебі менің шалым – 90-ға келіп қалған. Мына жерден түсіру оңай болған жоқ. Түсіремін, мінгіземін. Сондықтан кішкене жайырақ бастады. Жайырақ бастағанмен, артынан тездетті. Балаларға рахмет. Жақсы, жаман емес. Көңілімнен шығып жатыр. Материалдары да жақсы. Бәрін қарап, қадағалап жатырмыз.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу