Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

15.06.2020

Жамбыл облысындағы ауыл тұрғындарының табысы артады. Өңірде сол мақсаттағы пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Оған 11 ауылдық округ қатысып жатыр. Жалпы аймақтағы 5 айдың көрсеткіші жаман емес. Экономиканың барлық саласында оң қарқын байқалады. Былтырмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы 3 пайызға жуық, негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,6, құрылыс 9%-ға өсті. Үкімет басшысы Жамбылға жұмыс сапарымен барып, бірқатар ауылдарды аралады. Асқар Мамин мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты.

Нысаналы ЫҒЫЛ 


Хабарламаларға жазылу