Ферроқорытпа зауытына комиссия тексеріс жүргізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ферроқорытпа зауытына комиссия тексеріс жүргізіп жатыр

22.07.2024

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы оқиғаға қатысты арнайы комиссия тексеріс жүргізуде. Кәсіпорындағы пештен жалын шығып 8 адам күйіп қалған еді. Оның 3-еуі ауыр жағдайда, ал 5-уі аса ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Зауыттағы оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігімен, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу Қарағанды облысы басшысының тұрақты бақылауында. Комисиия құрамында мемлекеттік инспекторлар, өндірістік қауіпсіздік, Төтенше жағдайлар департаментінің, құқық қорғау органдарының өкілдері және жұмысшылар бар. Ұжымда кәсіподақ болмауына байланысты тексеру тобына жұмысшылар кіріп отыр.

Мұрат Қаракекілов, облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

Бірінші күннен бастап, сенбі күнінен комиссия жұмыс істеп жатыр. Көрген адамдарға сұрақтар жүргізіліп жатыр. Орны тексерілді ,болған жағдайдың техникалық құжаттары алынды. Аттестация өткізгені жөнінде құжаттары алынды, олардың барлығы қазір сараптамаға беріліп жатыр. Сол заңда берілген 10 күн үшінде сіздерге толық мәлімет береміз деп ойлаймын.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу