«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалы артады

19.07.2024

Еліміз «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық мултимодальды көлік дәлізін дамытпақ.

Осы мақсатта Ақтауда бірінші көлік сауда-экспорттық форумы ұйымдастырылып, аталған бағытты дамытудың тетіктері қарастырылды. Жиынға 14 мемлекеттің өндірушілері мен экспорттаушылары, көлік-логистикалық компанияларының өкілдері қатысты. «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі бұрыннан бар бағыт. Ол Ресей-Қазақстан-Түрікменстан-Иран және Пәкістан елдерін байланыстырып тұр. Былтыр осы бағыт бойынша жүк тасымалы 2,1 млн тонна болған. Көлік дәлізіне өзге де мемлекеттер қызығушылық таныта бастаған.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Мына солтүстіктен оңтүстікке қарай жүретін қөлік дәлізінің жаңа бағытын айқындадық. Бұл Қазақстан арқылы Түрікменстанға одан әрі Ауғанстанға арнайы темір жол дәзізін салу мәселесі. Яғни «ТрансАуғантеміржол» дәлізі. Бұл бүгін қабылданып отырған шешім. Біз өзіміздің Қапзақмтан аумағынан өтетін кез-келген транзиттік жүкке 50 пайыз арнайы жеңілдік жеңілдік беріп отырмыз. 

Қазақстан, Ресей, Түрікменстан мен Иран елдері «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту үшін, арнайы жол картасын әзірлеген. Форумда 4 жақты келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде көлік дәлізі арқылы өтетін жүк тасымалын 20 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу