Майқайың шұңқыры: Үшінші құтқарушының денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майқайың шұңқыры: Үшінші құтқарушының денесі табылды

19.07.2024

Павлодардағы Майқайың шұңқырына автобуспен бірге құлаған үшінші құтқарушының денесі табылды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес ол Айдос Шәймерденнің денесі болуы мүмкін. Өйткені марқұмның мүрдесімен бірге оның жетоны табылған. Мамандардың хабарлауынша қазір сот медициналық сараптама жүріп жатыр.

Айта кетейік Майқайың шұңқырына төрт құтқарушы мінген автобус биыл қаңтар айында құлап кеткен еді. Екеуінің денесі сол күні шығарылғанымен, үшіншісі бүгін яғни арада жарты жыл өткенде табылды. Ал төртінші адамды автобус жүргізушісін іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу