Жол апаты: Облыс әкімінің бірінші орынбасары ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол апаты: Облыс әкімінің бірінші орынбасары ауруханаға түсті

10.01.2024

Майқайыңдағы опырылған шахтаға түсіп кеткен автобустағы құтқарушыларды іздеу комиссиясының жұмыс тобында болған Павлодар облысы әкімінің 1-ші орынбасары жол апатына ұшырады. Көктайғақ кесірінен жол талғамайтын Ланд Крузер көлігі аударылып кеткен. Серік Батырғожинов пен оның көмекшісі қазір нөмірі 1-ші қалалық ауруханада ем қабылдауда. Жүргізуші аман. Олар Майқайың кентінен Павлодарға келе жатқан. Терең шұңқырға түсіп кеткен автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушыны іздестіру жұмыстары басталғалы 6 тәулік өтті. Бірақ нәтиже жоқ. Бұған дейін екі құтқарушының денесі шығарылған шыңырауда қазір арнайы техника мен 130-дан астам адам жұмыс істеуде. Өндірістегі апаттың нақты себебін анықтау үшін арнайы комиссия жасақталды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу