Көкжөтел жұқтырғандар азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкжөтел жұқтырғандар азайған

19.07.2024

Қызылша мен көкжөтел екпе алмағандардың есебінен көбейіп отыр. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері хабарлады. Комитет төрағасының орынбасары Зәуре Ахметованың сөзінше, өткен аптада қызылшаның 94 жағдайы тіркелді. Дегенмен бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 72 жағдайға төмен. Осы айдан бастап көкжөтелмен ауыратындар саны да азайған. Соңғы аптада 60 жағдайы тіркелді.

Зәуре Ахметова, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

Бұл ауруларды жұқтырған балалардың 80 - 90 пайызы екпе алмағандар. Оның 61% екпеден бас тартқандар, тағы 22%-ы медициналық көрсетілімдерге, ал 17%-ы егке алу жасына жетпеуіне байланысты екпе алмаған. 


Хабарламаларға жазылу