Измир маңында орман өртімен күрес жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Измир маңында орман өртімен күрес жалғасып жатыр

19.07.2024

Түркияның Измир провинциясында орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Жалынды сөндіруге тікұшақтар тартылды. Әуе машинасы жанып жатқан жасыл желектерге аспаннан су төккен. «Пегасус» әуе компаниясының мәлімдеуінше, Измирдің Аднан Мендерес атындағы әуежайы уақытша жабылып, ұшақтар «Бодрум» авиациялық портына қонуға жіберіліп жатыр. Жалпы алғанда, түрік үкіметі тілсіз жаумен күреске қосымша 16 тікұшақ пен 35 өрт сөндіру машинасын жөнелткен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу