Чилиде 1 адам қаза тауып, 130 үй жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде 1 адам қаза тауып, 130 үй жанып кетті

24.12.2022

Чилиде орман өртімен күрес жалғасып жатыр. Теңіз жағалауындағы Вина дел Мар туристік қаласы маңында лапылдаған жалыннан 130 үй күлге айналып, 1 адам қаза тапқан. Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау 125 гектар аумақты жалмап үлгерді. Өртті толық тоқтату әзірге мүмкін болмай тұр. Чилиде жаз маусымы енді басталғандықтан күн ысып, жел күшейген. Жергілікті билік өкілдері қазір осы аймақтағы орманда өрттің ірі ошақтарын сөндіруге күш салып жатқанын хабарлады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу