«Славян базары» байқауының жеңімпазы елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Славян базары» байқауының жеңімпазы елге оралды

16.07.2024

Беларусьтегі «Славян базары» байқауынан бірінші орын алған отандасымыз Ерназар Жұбан елге оралды. 27 жастағы атыраулық әншіні ет жақындары мен достары, жанкүйерлері Астана әуежайынан күтіп алды. Ерназар бұл сәтті көп күткен. Жеңімпаз болу үшін жобаның іріктеуіне бірнеше жыл қатарынан, бастысы сағым сынбады, дейді.

Ерназар Жұбан, «Славян базары» байқауының жеңімпазы:

Әсерім өте жақсы, мен осыны 6 жыл армандадым, 6 жыл бойы отборға қатыстым. Сөйтіп арманыма жетіп, биыл «Славян базарына» қатысып, барымды салып айтып шығуға тырыстым. Қазақстанның атынан біраз жерлерге қатысамын деп ойлаймын.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу