Ресейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

15.07.2024

Ресейдің оңтүстігіндегі Новороссийск қаласында орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті әкімшіліктің мәлімдеуінше, қазір 32 гектар аумақта жасыл желектер жанып жатыр. Және де үйлерге қауіп төнгендіктен, 200-дей адам көшіруге автобустар әзір тұр.

Кейінгі апталарда аптап ыстық пен ұйытқыған желден және күннің күркіреуінен Сібірдегі Тува аймағынан Қиыр Шығыстағы Саха Республикасына дейінгі кеңістікте сан мың гектар орманды от шарпыған. Оларды сөндіруге арнайы бригадалар тартылып жатыр.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу