900 миллион теңгеге бағаланған «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекетке қайтарылды. Қарағанды облысының прокуратура мамандары, заңсыз берілген активтерді жаппай тексеруде. Нәтижесінде 37 жер телімі заңсыз берілгені анықталды. Қазір құқық қорғау қызметкерлері аталған нысандарды жекешелендірудің заңдылығын тексеруде.
Ерлан Түсіпов, облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры:
Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында заңсыз алынған және жекешелендірілген барлық мемлекеттік мүлікке қатысты прокурорлық қадағалау және ден қою шаралары қабылданатын болады.
Жандос Бақытұлы, Бекзат Сәбитұлы