Екінші деңгейлі банктерде тұрғын үй жинағы үшін есепшот ашуға рұқсат берілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екінші деңгейлі банктерде тұрғын үй жинағы үшін есепшот ашуға рұқсат берілуі мүмкін

12.07.2024

Елімізде екінші деңгейлі банктерге де тұрғын үй жинағы үшін есепшот ашуға рұқсат берілуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша ол үшін тиісті өзгертулер әзірленген. Оған сай ел азаматтарына «Отбасы банкінде» ғана емес, өзге де екінші деңгейлі қаржы ұйымдарынан тұрғын үй жинағын ашуына мүмкіндік берілмек. Сарапшылардың айтуынша бұл «Отбасы банкінің» монополиялық компания болуын шектеп, әділ бәсеке орнатады. Кейін тұрғын үй алу үшін тиімді ипотекалық шарттар пайда болмақ. Ал қазір «Отбасы банкі» ипотека нарығының 60 пайызын иемденіп отыр. Десе де бұл бастаманың қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу